Лариджани: Американың "Иран лаңкестік топтарға көмектесуде" деген уәжі күлкілі
(last modified Sat, 23 Sep 2017 15:32:01 GMT )
Қыр 23, 2017 21:32 Asia/Almaty
  • Лариджани: Американың

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Иран лаңкестік топтарға көмектесті деген уәждің күлкілі екенін мәлімдеп: "Америкалықтар мұндай бос сөздерімен әлемдегі қоғамдық пікірді өзгертуді көздейді",-деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы пәс сөздеріне сілтеме жасап: "Үстемшілдер мен оның аймақтағы одақтастары соңғы қырық жылда әрдайым ішкі қиындықтар туғызумен қатар, саяси тыныштықты бұзып, Иранға сегіз жылдық соғысты таңды. Ешқашан Иранда  тыныштықтың орнауын қаламайды",-деп баса айтты.

Лариджани АҚШ Президентінің Иранға қарсы айтқан сөздерінің мағынасыздығына тоқталып: "Трамп аймақтық бір құйтырқы әрекетімен ислам үмбетінің жүздеген миллиард мүмкіндігін талан-таражға салып, қазір өз сөзімен  аймақтағы кертартпа басшыларды қуанта берсін",-деді.

Трамп өткен сейсенбі күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясының сессиясы  аясындағы сөйлеген сөзінде  ИИР-н аймақтағы лаңкестікпен күрестегі негізгі полюс деп атап, Иранды  лаңкестікті қолдайды деп айыптаған болатын.