Қыр 25, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • АҚШ – сенімсіз ел

АҚ үй дүйсенбі күні таңертең мигранттарға тыйым салу заңына өзгеріс енгізіп, кейбір елдердің азаматтарының АҚШ-қа сапармен келуіне тыйым салатын тізімді ұзартты.

Аталмыш заңның Иранға қатысты бөлімінде: «АҚШ-та оқитыны расталған студенттерден басқа ирандық азаматтарға АҚШ-қа көшіп немесе сапармен келуге тыйым салынады. Аталмыш топқа жататын студенттер қатты бақылауға алынуы керек»,- деп көрсетілген.

Ирн Сыртқы істер министрі «Твиттердегі» парақшасында Трамптың бұл әрекетіне реакция білдіріп: «Трамптың ирандықтарға деген ізгілігі жалған. Елдің көрнекті азаматтарына қарсы миграцияға тыйым салатын қорлаушы жаңа заңы бұрынғыдан бетер түкке тұрғысыз» деп жазды.

Иран мен АҚШ-тың қарым-қатынастарындағы саяси өзгерістерге жасаған шолу АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының күннен күнге айқын көрініс тауып жатқанын білдіреді. АҚШ Иранды өзі қалаған шарттарды қабылдауға мәжбүрлей алады деп ойлайды. Көпшілік үшін дипломатияға жатпайтын бұл әрекеттерінен кейін АҚШ үкіметі қандай мақсатқа жеткісі келеді деген сұрақ туады. АҚШ-тың мақсаттарын анықтау қиын емес, өйткені АҚШ Ислам революциясының жеңісінің басынан-ақ Иранға дұшпандығын көрсете бастады. Ислам революциясы әлемге АҚШ-тың шынайы болмысын әшкерелеп, АҚШ-ты Ираннан шығарды. АҚШ Трамп билігі кезінде қастық жобаларын қайталап, екі мақсатты көздеп отыр: біріншіден, лаңкестікпен айыптап, Иранға қарсы қысымды арттыру; екіншіден, Иранның мүдделеріне қарсы әрекеттер мен қысымдарды басқа салаларға, соның ішінде Иранның баллистикалық зымырандары саласына енгізбек. АҚШ-тың бұл екі мақсаттан басқа да мақсаттарының бар екендігінде күмән жоқ. Қалай болғанда да, Америка осындай әрекеттерімен аймақтың негізгі мәселелерін шешудің орнына жағдайды өз мүддесіне өзгертуге күш салуда. Сол себепті, Трамп үкіметі ИИР туралы шындыққа жанаспайтын мәлімет таратуда. Бұл Трамптың БҰҰ Бас ассамблеясындағы басынан соңына дейін өтірікке толы сөздерінен көрінді.

Алайда АҚШ-тың мұндай әрекеттеріне Иран қандай ұстаным білдіреді?

Иран Сыртқы істер министрі Зариф CNN арнасы жексенбі күні таратқан сұхбатта: «Иран АҚШ-тың әрекеттеріне назар аударып, бірнеше жауап дайындап отыр. Оның бірі – ядролық келісімнен шығу. Біздің бағдарламамыз бейбіт мақсатты болып қалады, бірақ өз еркімізбен қабылдаған шектеулерді енді қабылдамаймыз»,- деді.

«Нью-Йорк таймс» газеті: «Трамп көмекшілерінен Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзды деп айыптайтындай мәлімдеме жасауды талап етті»,- деп жазды. Бұл газеттің жазуы бойынша, америкалықтар өз одақтастарынан Иранмен келіссөздердің жаңа кезеңін өткізуге дайындалуды сұрап, әйтпесе Париж климат келісімінен шыққандай, АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына куә болатындықтарын хабарлаған. 

АҚШ-тың қисынсыз әрекеттері мен уәдеде тұрмауына байланысты Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың қазір жасап отырған әрекеттерінің бұл елге сенім артуға болмайтынын дәлелдегенін қуаттады. 

 

 

Тегтер