Дүниежүзілік санкцияларға байланысты Израильдің ауылшаруашылық саласына шығын келді
(last modified Wed, 27 Sep 2017 02:24:21 GMT )
Қыр 27, 2017 08:24 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік санкцияларға байланысты Израильдің ауылшаруашылық саласына шығын  келді

Quds ақпарат агенттігінің хабарлауынша израильдік Maariv газеті сионистік әл-Ағвар қалашығы өнімдеріне бұл режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстары мен басқыншылығының жалғасуына көрсеткен реакция ретінде әлемдік нарықта санкция салуына байланысты орны толмас зиян шеккенін, мұны израильдік басшылар үшін қауіптің белгісі деп жазды.

Еуропадағы Израильге қарсы санкция салу кампаниясының белсенділері 2013-2014 ж.ж. басып алған жерлердегі өндірілген өнімдерге қарсы ауқымды наразылықтарымен сионистік режимнің экономикасына 6 млрд долллардан астам шығын келтірді.

Израильге қарсы санкция салу кампаниясы «оқшаулау, инвестиция салмау және санкция" үдерісін 2005 жылы бастады. Олар, сондай-ақ ұйымдар, универститеттер мен шіркеулер секілді мекемелерді Палестинаның тәуелсіздігі ресми түрде танылғанша Израильге қарсы санкция салуға итермелейді.