Трамп Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін жарияламауы мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i31251
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дұшпандық ұстаным көрсетуіне тоқталып: «Трамп қазан айындағы есебінде Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімге беріктігін жарияламауы мүмкін»,- деген болжам айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 30, 2017 19:02 Asia/Almaty
  •  Трамп Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына  беріктігін жарияламауы мүмкін

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына дұшпандық ұстаным көрсетуіне тоқталып: «Трамп қазан айындағы есебінде Иранның ядролық мәселеге қатысты келісімге беріктігін жарияламауы мүмкін»,- деген болжам айтты.

Трамп үкіметі АҚШ-тың заңдары бойынша қазанның 16-ына дейін елінің Конгресіне Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік болуы немесе оны бұзуы туралы  есеп беруі керек.

Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні  «Financial Times» және «Guardian» газеттеріне берген сұхбатында: «Егер АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзса, ИИР осы ядролық келісімде қарастырылған шектеулерді орындауға міндетті болмайды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Еуропадан  АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзып, Иранға қарсы санкцияларына оралған жағдайда санкцияларды  орындауға қарсы тұруды сұрады.