Иранның Мұнай министрі Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының басшысымен кездесті
(last modified Wed, 04 Oct 2017 08:41:03 GMT )
Қаз 04, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Иранның Мұнай министрі Ресейдің

ИИР Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сейсенбі күні Мәскеуде Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының басшысы Вагид Алекперовпен кездесіп, пікір алмасты.

Вагид Алекперов кездесуде Ресей мен Иранның екіжақты мұнай ынтымақтастықтарын кеңейткісі келетінін мәлімдеді.

Ресейдің "Лукойл" мұнай компаниясының басшысы сондай-ақ сәрсенбі күні Мәскеуде басталатын газ экспорттаушы елдер министрлерінің жылдық отырысына тоқталып, Иран мен Ресейдің орны  мен бұл саладағы екі елдің ынтымақтастықтарын маңызды деп бағалады.

Зангане де кездесуде Иран мен Ресейдің мұнай ынтымақтастықтарының маңыздылығын қуаттап, газ отырысының Мәскеуде өтуі мен екі елдің осы саладағы ымыраға келуін ынтымақтастықтарды арттыруға әсерін тигізетінін қуаттады.

Кездесу барысында компания  басшылары Каспий теңізі аймағындағы мұнай ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.  

 

 

Тегтер