ИИР Мұнай министрі Мәскеуде Ресейдің Энергетика министрімен кездесті
(last modified Thu, 05 Oct 2017 02:06:37 GMT )
Қаз 05, 2017 08:06 Asia/Almaty
  • ИИР Мұнай министрі Мәскеуде Ресейдің Энергетика министрімен кездесті

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане мен Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак Мәскеуде кездесіп, екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту жолдары жайында пікір алмасты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бижан Намдар Зангане мен Александр Новак сәрсенбі күнгі Мәскеудегі Газ эскпорттаушы елдер  форумының (GECF) XYII-ші отырысы аясындағы кездесуде мұнай алаңдарын дамыту мен барлау жұмыстары саласындағы екі жақты мұнай байланыстары жөнінде сөйлесті.

Жүздесу барысында ИИР-ның Мұнай министрі   Иранның мұнай саласында Ресеймен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін қуаттады.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында Иранның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрі екі елдің энергетика саласындағы әріптестік бағдарламаларын жүзеге асырудың маңыздылығын қуаттады.

Иранның Мұнай министрі сейсенбі күні Газ эскпорттаушы елдер  форумының (GECF) кезекті отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді. Отырыс бүгін сәрсенбі күні Мәскеуде жұмысын бастады.

 

Тегтер