Ұлыбританиядан Сауд Арабиясына қару-жарақ экспорттауға қатысты наразылықтар жалғасуда
https://itolqyn.com/news/world-i31377
Бір халықаралық қайырымдылық қоры Ұлыбритания үкіметін Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуына байланысты айыптап, Лондонды «Йемен балаларына қорқыныш пен қасірет экспорттаушы» деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 05, 2017 09:04 Asia/Almaty
  • Ұлыбританиядан Сауд Арабиясына қару-жарақ экспорттауға қатысты наразылықтар жалғасуда

Бір халықаралық қайырымдылық қоры Ұлыбритания үкіметін Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуына байланысты айыптап, Лондонды «Йемен балаларына қорқыныш пен қасірет экспорттаушы» деп атады.

"Балаларды құтқарыңыздар!" атты қайырымдылық қоры сейсенбі күні жариялаған есебінде ұлыбританиялықтардың осы уақытқа дейін Сауд Арабиясы мен одақтастарына зымыран мен әскери құрылғылар сатып, 3 млрд 200 млн фунт, яғни долларға шаққанда 4 млрд 240 млн доллар көлемінде пайда тапқанын хабарлады. Бұл қару-жарақтар Йемен халқына қарсы соғысты жалғастыру үшін қолданылған жағдайда сатылып отыр.

Лондонда орналасқан бұл мемлекеттік емес ұйымның басшысы Кевин Уоткинс  Press ТV-ге берген сұхбатында: "Ұлыбритания Таяу Шығыс аймағында қырғын мен қантөгіс жасап жатқан  елдерге қолдау көрсетеді» деді.

Ұлыбритания Үкіметінің халықаралық істерді дамыту жөніндегі министрі Кит Усамер де Лондонның қару-жарақ сату жөніндегі көзқарасын қайта қарастыру қажеттігін айтты.