Малек Салманның Ресей сапарының Рияд үшін маңыздылығын сараптау
Сауд Арабиясының королі Малек Салман қазанның төрті күні шамамен мың адамнан құралған делегацияны бастап, Ресей астанасы Мәскеуге келді.
Бұл Малек Салманның Ресейге жасаған алғашқы сапары. Кейбіреулер Малек Салманның Ресейге сапарын тарихи сапар деп есептесе, басқа біреулер оны екі ел арасындағы қарым-қатынасты өзгертуге себеп бола алмайтын қарапайым сапар деп атап отыр. Себебі, Сауд Арабиясы тарихи тұрғыдан АҚШ пен бағыттас. Ол АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең маңызды одақтасы саналады.
Малек Салманның Мәскеуге сапары екі ел үшін де өте маңызды. Екі ел арасындағы қарым-қатынастарға көптеген факторлар әсер етуі мүмкін, соның ішінде мұнай, қару-жарақ мәселелері мен Таяу Шығыстағы өзгерістерді атауға болады. Бұл сапар Ресей үшін көбінесе экономикалық тұрғыдан маңызды болса, Сауд Арабиясы үшін әртүрлі аспектілер бойынша маңызға ие болып отыр.
Ресей сапарының Арабстан үшін маңыздылығының негізгі себептерінің бірі бұл елдің ішкі саясатына қатысты. Малек Салман қазір Сауд Арабиясының тақ мұрагері болып табылатын өз ұлы Мұхаммадты таққа отырғызуға талпыныс жасауда. Бұл мақсатты жүзеге асыруда Ресейдің қолдауы өте әсерлі болуы мүмкін. Мұхаммад бин Салман Арабстанның тақ мұрагері болып тағайындалмас бұрын Мәскеуге сапармен барған еді. Сол кезде ақпарат құралдары оның Мәскеудің қолдауына қол жеткізгені туралы хабарлаған болатын.
Сапардың Сауд Арабиясы үшін маңызды болуының келесі бір себебі Таяу Шығыстың аймақтық деңгейіндегі, әсіресе Сириядағы өзгерістерге қатысты болып отыр. Арабстан мен Ресей Сириядағы өзгерістерге байланысты екітүрлі және қарама-қайшы бағыт ұстанады. Сауд Арабиясы Башар Асад үкіметіне қарсы топқа қолдау көрсетіп, осы дағдарыстағы лаңкестік топтардың ең маңызды демеушісі болып саналады. Алайда, Ресей Сирия жүйесін қорғап, бұл елдің лаңкестермен соғысында оған әскери тұрғыдан көмек көрсетті. Ресей әскерилерінің Сирияда орналасуы билік теңгерімінің лаңкестерге қарсы Сирия жүйесінің пайдасына шешілуі себептерінің бірі саналады. Ресей Стратегиялық зерттеулер институының бас директоры Сергей Марковтың айтуынша, "Арабстан Сирияда жеңіліске ұшырады. Қазір Арабстанды қолдаушы топтар, соның ішінде "ан-Носрат" майданы көптеген шығынға ұшырап, зардап шегуі мүмкін. Сауд Арабиясы королінің ең маңызды міндеті соғыстан кейін Сирияда Сауд Арабиясын қолдайтын топтардың қалғандығына көз жеткізу болмақ".
Малек Салманның Мәскеуге сапарының Арабстан үшін маңыздылығының үшінші аспектісі қару-жарақ мәселесіне қатысты. Бұл салада Ресейдің экономикалық мүдделері қамтамасыз етілетіндігіне қарамастан, Сауд Арабиясы Ресейдің баллистикалық зымырандары мен зымырандық қорғаныс жүйесін сатып алуды қалайды. Осы сапар барысында Рияд пен Мәскеу арасында қару-жарақ сатып алу туралы келісімге қол қойылатын сыңайлы.
Сауд Арабиясы үшін Ресей АҚШ пен салыстырғанда азырақ маңызға ие, яғни, Арабстанның Ресей үшін ИИР сияқты маңызды еместігі секілді. Бұл сапардың екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға, әсіресе Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістерге байланысты ұстанымдарының жақындауына себеп болатын, болмайтындығына уақыт төреші.