Иран Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы өкілінің уәждеріне реакция білдірді
ИИР-дың БҰҰ кеңсесіндегі хабардар дереккөзі: "Арабстан өз елін балалардың құқықтарын бұзушылардың тізіміне қосуға байланысты ашулы",- деп хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы өкілі Абдулла әл-Моалемми жұма күні АҚШ үкіметінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растамау ықтималы туралы сұраққа: "Бұл мәселенің Сауд Арабиясына қатысы жоқ. Бірақ Иранның Йемен, Ирак, Сирия, Бахрейн және Сауд Арабиясының өзіндегі әрекеттері жауапсыздық саналады",- деп жауап берді.
Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы өкілі Иранның зымырандық сынақтарына сілтеме жасап, оны өзінің жауапсыздық санайтын әрекеттердің мысалы деп атады.
БҰҰ Йемендегі соғысқа қатысты өзінің баяндамасында: "Өткен жылы саудиялық коалицияның Йеменге жасаған шабуылдары салдарынан 683 бала қаза болып, жараланды",- деп мәлімдеді. БҰҰ осы баяндамасын жариялау арқылы Сауд Арабиясын балалардың құқықтарын бұзушылардың қара тізіміне қосты.