Ресей Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруін қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i31549-Ресей_Иранның_Шанхай_ынтымақтастық_ұйымына_кіруін_қолдады
Ресей Сыртқы істер министрлігі Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру ісінің қарастырылып жатқанын әрі ұйым мүшелері санының артуының табиғи мәселе екенін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 10, 2017 14:57 Asia/Almaty
  • Ресей Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруін қолдады

Ресей Сыртқы істер министрлігі Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру ісінің қарастырылып жатқанын әрі ұйым мүшелері санының артуының табиғи мәселе екенін қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азия және Тынық мұхит ынтымақтастықтары департаментінің басшысы Бахтиер Хакимов Иранның мүше болып қосылуын Шанхай ынтымақтастық ұйымының басты мәселелерінің бірі деп атап: "Бұл мәселе туралы шешім қабылдануы керек. Мүшелердің санын арттыру жұмыстары жасалды. Иранды қабылдау басты мәселелердің бірі",- деді.