АҚШ Сириядағы лаңкестерді қаруландыруды жалғастыруда
(last modified Wed, 11 Oct 2017 10:19:17 GMT )
Қаз 11, 2017 16:19 Asia/Almaty
  • АҚШ Сириядағы лаңкестерді қаруландыруды жалғастыруда

Сирия армиясының оперативті басқару бөлімінің басшысы генерал Әли әл-Әли өткен үш айда АҚШ-тың лаңкестікпен күресті сылтауратып, кемінде 1421 көлік қару мен қару-жарақты ДАИШ пен Ән-Носрат лаңкестік топтарына жібергенін айтты.

Сирия дағдарысының негізгі себептері бөгде елдердің араласуы, лаңкестерге ақша төлеу және қару жіберу мен бұл елге лаңкестерді енгізуді жалғастыру болып табылады. Айтылған барлық жайттардан АҚШ пен одақтастарының маңызды рөлі анық байқалады. АҚШ-тың Сирия дағдарысына қатысты әрекеттері Вашингтонның Сирия армиясы мен үкіметін  әлсіретіп, керісінше лаңкестерді  күшейту мақсатын көздеуде. Бұл салада АҚШ алдамшы әрекететрімен лаңкестерді "жақсы" мен "жаманға" бөліп, әртүрлі елдердегі дұшпандық саясаттарын ақтағысы келеді. Мұндай жағдайда Сириядағы лаңкестерді жою үдерісінің жылдамдауы олардың қолдаушыларын, соның ішінде АҚШ басшыларын алаңдатып, олар жалдамалыларын құтқаруға асығуда.  АҚШ-тың Сириядағы лаңкестерді күшейтіп, оларға әсіресе әскери көмектерін арттыруын осы салада бағалауға болады. АҚШ Президенті Дональд Трамптың халықаралық мәселелерге қатысты қайшы саясаттарын жалғастыруы аймақ, әсіресе Сирия дағдарыстарына теріс әсерін тигізуде.

АҚШ басшыларының өткен апталардағы ұстанымдары бұл елдің Сирияның саяси дағдарысын шешу саласында Астана келіссөздеріне ынтымақтастық жасамауының мақсатын әшкереледі. АҚШ-тың Сирия мәселесін әскери жолмен шешу туралы қуаттауы өткен алты жылдағы Сирияның жазықсыз халқының қырылуы, инфрақұрылымдардың қиратылуы мен халықтың босқынға айналуы зорлық-зомбылық, қантөгіс және лаңкестікті таратудын ешбір нәтижеге жеткізбейтінін көрсетті. АҚШ пен лаңкестердің Сирия халқын қырып-жоятын әрекеттері бір бірін толықтырады. АҚШ Сирияда тек лаңкестерді қаруландырумен шектелмейді. АҚШ тікелей және коалиция мүшесі ретінде Сирия жеріне араласып, бұл елдің террриториялық біртұтастығын бұзды.  Негізінде АҚШ-тың Сирияға әскерилерін енгізуге қатысты бұл елмен ешқандай келісімі жоқ.   Сондай-ақ, "ДАИШ-ке қарсы" америкалық коалициямен   ешбір құжатқа қол қойылмады. Сирия үкіметі де АҚШ үкіметінен көмек сұрамаған. Сириядағы ДАИШ-ке қарсы америкалық коалицияның әрекеттері тек Сирия халқының қырылуы мен бұл елдің инфрақұрылымдарының қирауына себеп болды. АҚШ әрекеттерінің аймақта тыныштық пен тұрақтылық орнатып, лаңкестікпен күресу туралы уәждері істеріне сай келмейді. Вашингтонның саясаты – қайшылықтарды арттырып, лаңкестерге халықаралық және аймақ деңгейінде зорлық-зомбылықтарын күшейтуге мұрсат беру. Бұл саясаттар халықтардың жиіркенішіне себеп болды.