Қаз 12, 2017 07:15 Asia/Almaty
  • Ақ үй қызметкерлері Трамптың психикалық мәселелеріне шағым айтуда

Ақ үй қызметкерлері АҚШ президенті Дональд Трамптың психикалық мәселелерінен қажығандықтарын мәлімдеуде.

Ұлыбританиялық INDEPENDENT газетінің интернет сайтының мәліметі бойынша Ақ үй қызметкерлері Дональд Трампты үнемі қақпағы атылуға дайын тез қайнайтын қазанға теңейді. Ақ үй басшылары Трамптың әрдайым ашулы әрі дөрекі екенін айтты. Сондай-ақ, әсіресе оның соңғы күндердегі Пуэрто-Рикодағы дағдарыспен күресу тәсілі сынға алынды. Республикашыл-сенатор Боб Коркер Трамп АҚШ-ты Үшінші Дүниежүзілік соғысқа бастап бара жатыр деді.

 

 

Тегтер