Хошру: АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықса, беделінен айрылады
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуының бұл елдің әлемде беделден айырылуына себеп болатынын айтып: «АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы сияқты дүниежүзілік мәселелерде ойыншы мен төрешінің рөлін бір мезгілде ойнай алмайды»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ғоламәли Хошру сәрсенбі күні кешке АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында «Иран АҚШ-пен ядролық мәселе жөнінде қайтадан келіссөз жүргізе ме?» деген сұраққа: «Қайта келіссөз жүргізуге қандай сенім бар? Иран да, басқа ешбір мемлекет те Вашингтонға сенбейді»,-деп жауап берді.
Хошру АҚШ-тың аймақтағы араласушылықтарының нәтижесінің тек қауіпсіздікті бұзу және жою болғанын айтып: «Трамп өз елінің халқына берген уәде бойынша аймақтық елдердің ішкі істеріне араласпайды деп үміттенемін»,-деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп жақын күндері Иранға қатысты жаңа саясаты мен өз үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын жариялайды. АҚШ Президенті бұл туралы бейсенбі күні жариялайды деп жоспарланған болатын, алайда Associated Press ақпарат агенттігі хабардар көздерге сілтеме жасап, оның жұмаға ауыстырылғанын хабарлады.