Могерини, Зигмар Габриель мен Зариф телефон арқылы "Ортақ қадам" жайлы сұхбаттасты
Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини мен Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриель Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сәрсенбі күні кешке және бейсенбі күні таңертең сұхбаттасқанда барлық тараптардың Иран мен «алтылық» топ арасындағы ядролық келісімге берік болуы қажеттігін қуаттады.
Иран СІМ-нің БАҚ дипломатиясы бас басқармасының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини мен Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриель телефон арқылы сұхбат барысында Еуроодақтың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болуы қажеттігін қуаттап: "Иран өз міндеттемелеріне толығымен берік болғандықтан осы келісімнен туындайтын экономикалық артықшылықтар мен жеңілдіктерді толық түрде пайдалана алуы тиіс.
Иран "Ортақ қадамға" байланысты өз міндеттемелеріне берік болғанға дейін Еуропа да өзінің міндеттемелеріне берік болады",- деді.