Еуропалықтар Дональд Трамптың Иранға қарсы сөздеріне реакция білдірді
Франция, Ұлыбритания, Германия елдері, сонымен қатар Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы мен ресейлік БАҚ құралдары АҚШ президентінің Иран мен "Ортақ қадамға" қарсы сөздеріне дереу реакция білдірді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Франция, Ұлыбритания, Германия жұма күні кешке ортақ мәлімдеме жариялап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен барлық тараптардың оны толық жүзеге асыруға қатысты беріктігін растап, бұл келісімнің олардың ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерімен бағыттас екенін мәлімдеді.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мей, Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануель Макрон АҚШ президентінің Иранға қарсы сөздерінен бірнеше сағаттан кейін ортақ мәлімдеме жариялап, өздерінің "Ортақ қадам" бағдарламасын қолдайтындықтарын мәлім етті.
Мәлімдемеде: "Ядролық келісім дипломатияның 13 жылдық талпыныстарының шарықтау шегі мен әлемде қауіпсіздік пен бейбітшілікке кепілдік берудегі үлкен қадам саналады",- деп қуатталды.
Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини де Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты сөздеріне реакция білдіріп: ""Ортақ қадам" бағдарламасы екі жақты келісім емес және ешбір мемлекетке де тиесілі емес. Сондықтан ешбір мемлекет оның күшін жоя алмайды",- деді.