Лариджани аймақ мемлекеттерінің АҚШ әрекеттеріне қарсы ынтымақтастығын қуаттады
(last modified Sun, 15 Oct 2017 17:12:40 GMT )
Қаз 15, 2017 23:12 Asia/Almaty
  • Лариджани аймақ мемлекеттерінің АҚШ әрекеттеріне қарсы ынтымақтастығын қуаттады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы аймақ бейбітшілігі мен тұрақтылығындағы Арменияның рөлін пайдалы деп атап: "АҚШ тудырған қарбалас жағдайда аймақтың ынтымақтастығы өте пайдалы әрі әсерлі болады",- деп қуаттады.

Иран Мәжілісі ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Әли Лариджани Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Армения Парламентінің Төрағасы Ара Баблоянмен кездесуінде: "АҚШ "алтылық" тобының басқа (Ұлыбритания, Ресей, Франция, Қытай және Германия) мүшелерінің қарсылықтарына қарамастан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бірнеше рет бұзды. Бірақ америкалықтардың бұл әрекеті әлем үшін қиындық тудырады",- деді.

Армения Парламентінің Төрағасы Ара Баблоян де бұл кездесуде аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығындағы Иранның рөлін маңызды деп бағалап: "Армения әрқашан Иранға қатысты тұрақты саясат ұстанып, Иранды қолдады",- деді. Армения Парламентінің Төрағасы, сондай-ақ, экономикалық азат аймақтың құрылуын Иран мен Арменияның экономикалық қарым-қатынастарын арттыруға себеп болады деп, Иранмен экономикалық және сауда қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделік танытты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әлемдік Парламентаралық одақтың 137-ші ассамблеясына қатысу үшін Ресейге сапар шеккен болатын.