Армения – ирандық өнімдерді Еуразияға экспорттауға мүмкіндік беретін байланыс көпірі
Қаз 16, 2017 20:14 Asia/Almaty
Армениядағы ИИР елшісі Ереванды ирандық өнімдерді 200 млн халқы бар Еуразия елдерінің нарығына экспорттауға мүмкіндік беретін байланыс көпірі деп атады.
Казем Саджади Теһранның батысындағы Альборз облысындағы дүйсенбі күнгі отырыста: "Армения Ресейдегі 3 миллиондық, АҚШ-ғы 2 миллиондық құзырымен шетелдік және Еуропалық бизнесмендермен қосатын жақсы байланыс өзегі болып табылады",-деді. 2015 жылдың қаңтар айында Беларусь, Қазақстан, Ресей мемлекеттерінің қол қоюымен Еуразиялық Экономикалық Одағы (EEU) өз жұмысын бастаған. Кейін Қырғызстан мен Армения да бұл ұйымының толық мүшелігіне қабылданды.
Тегтер