Иран Қырғызстан сайлауының ашық әрі тәртіпті өткенін мәлімдеді
(last modified Tue, 17 Oct 2017 02:18:09 GMT )
Қаз 17, 2017 08:18 Asia/Almaty
  • Иран Қырғызстан сайлауының ашық әрі тәртіпті өткенін мәлімдеді

Қырғызстанның президенттік сайлауына бақылаушы ретінде барған ИИР-ның делегациясы сайлауды ашық, тәртіпті әрі тыныш кеңістікте өтті деп сипаттады.

Қырғызстанның президенттік сайлауына бақылаушы ретінде барған делегация мәлімдеме жариялап: «ИИР-ның бақылаушы делегациясының байқауларына сәйкес, Қырғызстанның президенттік сайлауын өткізу үдерісі жаңа технологияларды пайдалану арқылы жеңілдетіліп, тыныш кеңістікте, ашық, тәртіпті әрі заңды түрде өтті» деп мәлімдеді. Қырғызстанның президенттік сайлауы жексенбі, қазанның 15 күні 11 үміткердің қатысуымен өтті.

Сайлауға шамамен бір миллион бес жүз, яғни дауыс беру шарттарына лайық сайлаушылардың 50 пайызы қатысты. Президенттік сайлау нәтижелеріне сәйкес, Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанның президенті болып сайланды.