Германия Трамптың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатынасы тұрғысында тағы ескерту жасады
(last modified Tue, 17 Oct 2017 02:45:34 GMT )
Қаз 17, 2017 08:45 Asia/Almaty
  • Германия Трамптың

Германияның Сыртқы Істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының салдарлары жөнінде тағы да ескертті.

Германияның Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Люксембург қаласында Еуропа Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында журналистерге берген сұхбатта: "Еуропалық елдердің барлығы АҚШ президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» бағдарламасына қарсы шешімі мен оның Иранмен әскери қақтығыс жағдайын қайтаратындығына қатты алаңдауда.

Трамптың "Ортақ қадамға" қарсы қатынасы Солтүстік Кореядағы дағдарысты да шиеленістіре түседі",-деді.