АҚШ Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы сөзін қайталады
АҚШ Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы бос сөзін қайталап, аталмыш келісімді бұзу ықтималы туралы уәж айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша АҚШ Президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Ақ үйде министрлердің, соның ішінде АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис пен Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонның алдында сөйлеген сөзінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы: "Иранның ядролық келісімі қазір зерттелуде. Бұл келісім АҚШ үшін қатерлі болды",- деді.
Вашингтондағы сионистік режимнің елшісі Рон Дермер: "Дональд Трамп Иранның ядролық келісімге табанды болмауын жариялауымен толығымен дұрыс шешім қабылдады",- деп баса айтты.
Сионистік режим мен Сауд режимі әлемдік қоғамның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдау ұстанымына керісінше Трамптың Иранға қарсы ұстанымдарын қолдады.
Трамп үкіметінің жоғары лауазымды басшылары, атап айтқанда Мемлекет хатшысы Рекс Тиллерсон мен БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Никки Хейли Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығу туралы ескертулеріне қарамастан, АҚШ-ның бұл келісімге табанды екенін мәлімдеді.