Солтүстік Корея: Аймақта кез-келген сәтте ядролық соғыс басталуы мүмкін
https://itolqyn.com/news/world-i31797
БҰҰ-дағы Солтүстік Кореяның тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рионг АҚШ пен Оңтүстік Кореяда әскери жаттығулар өтіп жатқан кезеңмен тұспа-тұс кез-келген уақытта ядролық соғыстың орын алуы мүмкін екендігін айтып:
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 17, 2017 21:13 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея: Аймақта кез-келген сәтте ядролық соғыс басталуы мүмкін

БҰҰ-дағы Солтүстік Кореяның тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рионг АҚШ пен Оңтүстік Кореяда әскери жаттығулар өтіп жатқан кезеңмен тұспа-тұс кез-келген уақытта ядролық соғыстың орын алуы мүмкін екендігін айтып:

"Корей Халық Демократиялық Республикасы – 1970 жылдан бері АҚШ тарапынан тікелей қоқан-лоққы мен ядролық қатаң нысанаға ілініп отырған жалғыз ел",-деді. Ол сөзінің жалғасында АҚШ-тың дұшпандық әрі ядролық қоқан-лоққысы толығымен аяқталмайынша, Корей Халық Демократиялық Республикасының ядролық қару мен баллистикалық зымыран  бағдарламасын тоқтатпайтынын ескертті.