Иран мен Ресей Қорғаныс министрлері лаңкестікпен күресті жалғастыру қажеттігін қуаттады
Иран мен Ресей Қорғаныс министрлері телефон арқылы сұхбатта екі елдің қатынастары мен қорғаныстық саладағы ынтымақтастықтары, аймақтық және халықаралық өзгерістер мен лаңкестікпен күрес жайында сұхбаттасты.
ИИР-ның Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами бейсенбі күні Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың Иранға қарсы ашуы мен қысымдарының күшеюін Американың әртүрлі қатерлі жоспарларын тоқтатып қойған Иран мен Ресейдің халықаралық лаңкестікпен, әсіресе Сирия жерінде күресудегі ынтымақтастығының нәтижесімен байланыстырды.
Бригада генералы Амир Хатами сондай-ақ Ресей үкіметінің Ислам революциясы Сақшылар корпусының лаңкестікпен күрестегі рөліне қатысты ұстанымдары мен қолдауына алғыс білдіріп: "Сақшылар корпусы – Иран мен аймақ үкіметтері мен халықтарының лаңкестікпен күрестегі қуатты білегі саналады. Ешбір күш Сақшылар корпусын бұл жауапкершілікті орындаудан тежей алмайды",- деп баса айтты.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да өз елінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толығымен қолдайтындығына тоқталып: "Ресей Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігін растайды. Басқалардың оны бұзуға немесе одан шығуға қатысты қажеттілігі көзге түспейді»,- деді.