Қаз 21, 2017 16:47 Asia/Almaty
  • АҚШ Сенатында

Associated Press жұма күні АҚШ Сенатындағы "Ортақ қадам" бағдарламасын қадағалауды күшейту туралы Corker-Cotton заң жобасының алғашқы нұсқасына қатысты жайттардың жай-жапсарын жариялады.

АҚШ Сенатының Сыртқы қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы Боб Коркер мен сенатор Том Коттон қазанның он үші күні Иран мен "алтылық топ" арасындағы ядролық келісімнің кемшіліктеріне жатқызатын жайттарды түзету туралы заң жобасын АҚШ Сенатына ұсынғанын мәлімдеген болатын. 

Associated Press ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, заң жобасы АҚШ үкіметін "Ортақ қадам" бағдарламасын қадағалау жағдайын өзгерту мен күшейтуге міндеттейді. Бұл заң жобасында әлемдік қауымдастық қарсы болып отырған Иранға қарсы санкцияларды қайта жариялау үшін жаңа критерийлер ұсынылған.

Заң жобасына сәйкес, Иран баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізу, шығару немесе орнату әрекеттерін жүзеге асырған жағдайда, АҚШ Конгресінің Теһранға қарсы санкциялары автоматты түрде қайтадан күшіне енеді. Сондай-ақ, заң жобасы негізінде Иранның уранды байыту мен сақтау және центрифугалардың ерекше түрлерін пайдаланудағы шектеулер тұрақтанатын болады.

АҚШ Өкілдер палатасы да ИИР-ға қарсы қатал ұстанымы аясында осы аптада Иранның зымырандық бағдарламасына қарсы жаңа санкциялар жариялау туралы заң жобасын дауысқа салмақ.

 

Тегтер