Қаз 21, 2017 22:18 Asia/Almaty
  • Аракчи: Американың «Ортақ қадам» бағдарламасына қатысты қатынасы қабылдауға келмейді

Иран Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Американың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қатынасын қабылдауға келмейді деп атады.

ИИР Сыртқы Істер Министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Мәскеуде ядролық қарусыздандыру саммитында Америка үкіметінің «Ортақ қадам» бағдарламасына көрсеткен қатынасын айыптап: «Америка «Ортақ қадам» бағдарламасындағы өзінің міндеттерін орындамауымен осы келісімнің рухы мен мәтінін көптеген жайттар бойынша бұзды» деді.

Аракчи Аммериканың «Ортақ қадам» бағдарламасындағы бұзған жайттарының мысалдарын тілге тиек етіп: «Ортақ қадам» бағдарламасындағы 26, 28, 29 баптарға сәйкес, Америка бұл келісімді жақсы ниет және сындарлы кеңістікте жүзеге асыруға, Иранның мүддесіне зиян келтіретін кез келген іс-әрекеттен бойтартуға міндеттеме алған болатын. Бірақ, осы уақытқа дейін Вашингтон бұл баптарды орындаған жоқ. Америка президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадамға» қатысты барлық сөздері мен ұстанымдары халықаралық құжатты бұзу саналады" деді.

Иран мен «алтылық» топ арасындағы ядролық келісім 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Бірақ, Америка үкіметі осы топтың бір мүшесі ретінде әрдайым міндеттемелерін бұзып келеді.

Дональд Трамп қазан айында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің «Ортақ қадам» бағдарламасына берік екендігі қуатталған сегіз есебіне көңіл аудармастан, Иранның аталмыш бағдарламаға беріктігін растамайтынын мәлімдеді.

 

Тегтер