Қаз 21, 2017 22:39 Asia/Almaty
  • Иран мен Австрияның Сыртқы Істер Министрлері телефон арқылы сөйлесті

Иран мен Австрияның Сыртқы Істер Министрлері телефон арқылы сөйлесті.

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф сұхбатта Австрияның парламенттік сайлауында осы елдің Сыртқы Істер министрі Себастьян Курцтың жетекшілігіндегі OVP халықтық партиясын жеңіске жетуімен құттықтап, оған Австрияның канцлері деген жаңа лауазымында табыс тіледі.

Австрияның Сыртқы Істер Министрі де сұхбатта «Ортақ қадам» бағдарламасындағы барлық тараптардың осы келісімді сақтап, оған табанды болуы қажеттігін баса айтып, Австрияның аталмыш келісімді жүзеге асыру мен Иранның оның жетістіктерін толығымен пайдалануына қолдау көрсететінін тағы қуаттады.

Тараптар сонымен қатар екіжақты байланыстарды нығайту жолдары мен екі елді  қызықтыратын басқа да мәселелер туралы пікір алмасты. 

 

Тегтер