Қаз 22, 2017 15:30 Asia/Almaty
  • ОББ-ның басшысы мен Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі: Иранның алдынан барлық жол жабылуы тиіс

АҚШ ОББ-ның басшысы Майк Помпео мен Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Рэймонд Макмастер ИИР-на қарсы барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін айтып: "Иранның алдындағы барлық жол жабылуы тиіс",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео сенбі күні "Демократияны қорғау" деп аталатын бір ұйымның Иранға қарсы шараларды күшейтуді талқылауға арналған отырысында: "ИИР зымырандық және кибернетикалық бағдарламаларымен және Ливан Хезболласын қолдау арқылы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мүдделеріне қауіп төндіреді",-деген уәж айтты.

АҚШ ОББ-ның басшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы жайлы да АҚХА-нің Ираннның осы бағдарламаға беріктігін растаған 8 есебін назарға алмастан, Трамптың Иран мен ядролық келісімге қарсы жаңа стратегиясын қолдайтынын айтып: "АҚШ-тың жүзеге асыратын ісі Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне ешбір жолының жоқтығына көз жеткізу болып табылады",-деді.

Макмастер да осы отырыста АҚШ-тың әлемде, әсіресе Таяу Шығыс  аймағында жүздеген әскери базасының барына тоқталмастан: "Трамптың жаңа стратегиясымен АҚШ Иранның Таяу Шығыс аймағына ықпал етуіне тосқауыл қояды.  АҚШ Ислам революциясы Сақшылар корпусына санкция салу арқылы өзінің аймақтағы одақтастарын, әсіресе Израиль мен Сауд Арабиясын қолдауды көздейді",-деді.

 

Тегтер