Зариф: Трамп үкіметі әлемде оқшау қалды
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ Президенті Дональд Трамп саясаттарының әлемде жақтасы жоқ екендігін мәлімдеп: «Аймақта лаңкестікпен күресіп, тыныштық пен тұрақтылық тудырған ел – Иран»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке ОАР-дың Претория қаласына келіп, тілшілерге берген сұхбатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның эр-Риядта Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейрмен бірге өткізген баспасөз конференциясында Иранға қарсы айтқан сөздері жайлы: «Бүгінде АҚШ-тың ең жақын одақтастары да бұл елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы саясаттары мен Дональд Трамптың осы бағдарламаға қатысты уәде бұзушылықты жалғастыруға талпыныс жасауына қарсы ұстаным білдірді.
Өкінішке орай, америкалықтар жылдар бойғы қателіктерінен кейін де көзқарастарын өзгерткісі келмейді. Өйткені, ИИР-ның жанпидалығы болмағанда, ДАИШ лаңкестік тобы әлі күнге дейін Дамаск пен Бағдадта және Эрбильде болар еді»,-деді.
Ол АҚШ-тың аймақтағы араб елдерінің мұнайдан түсетін долларларын тартып алуды көздейтінін айтып: «АҚШ-тың қате көзқарасы аймаққа көп шығын әкелді. Вашингтон тез арада осы қате көзқарасын өзгертуі керек»,-деді.