Зариф: Трамптың бос сөздері Иран халқының табандылығына сызат түсіре алмайды
ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке Оңтүстік Африкада тұратын ирандықтардың алдында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың бос сөздерінің Иран халқының табандылығы мен абыройына сызат келтіре алмайтынын қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Иран халқын Ислам республикасының дамуы мен қауіпсіздігінің тірегі деп атап: "Исламдық Иран халқының қолдауының арқасында өткен 40 жылда барлық қысымдар мен санкциялар және шабуылдардан абыроймен өтті",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның күш-қуаты мен экономикалық-ғылыми дамуының ешбір үкіметке тәуелді емес екенін қуаттап: "Аймақтағы ешбір мемлекет Иранның қауіпсіздігіндей қауіпсіздікке ие емес",- деді.
Зариф Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йемендегі қылмыстарына сілтеме жасап: "Сауд режимі мұнайдан түскен долларларымен АҚШ-тан қару-жарақ сатып алып, сол қарулармен Йеменнің мазлұм халқын қанға бөктіруде",- деп баса айтты.