Иран мен Арменияның ортақ маркасының тұсаукесер рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/world-i31939-Иран_мен_Арменияның_ортақ_маркасының_тұсаукесер_рәсімі_өтті
ИИР мен Арменияның ортақ маркасының тұсаукесер рәсімі сәрсенбі күні Ереван қаласында өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 26, 2017 08:29 Asia/Almaty
  • Иран мен Арменияның ортақ маркасының тұсаукесер рәсімі өтті

ИИР мен Арменияның ортақ маркасының тұсаукесер рәсімі сәрсенбі күні Ереван қаласында өтті.

Ваган Мкртчянның жобасымен дайындалып, 20000 данамен басылған маркалардың бетіне Ереванның Көгілдір мешіті мен Исфаһандағы Ванк шіркеуінің суреттері бейнеленген.

Иран мен Арменияның ортақ маркасының тұсаукесер салтанатында Арменияның Тасымал, байланыстар және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары Хачатрян мен Еревандағы ИИР  елшілігінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Насер Собханипур қатысты. Арменияның Тасымал, байланыстар және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары Арман Хачатрян осы рәсімде сөйлеген сөзінде: "Армения мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастардың тамыры тереңге бойлаған. Мұндай ортақ марканың шығарылуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту жолындағы маңызды қадам саналады",-деді.