Трамптың орынбасары Иранға қарсы уәждерді қайталады
(last modified Thu, 26 Oct 2017 09:12:30 GMT )
Қаз 26, 2017 15:12 Asia/Almaty
  • Трамптың орынбасары Иранға қарсы уәждерді қайталады

АҚШ Президентінің орынбасары Трамптың Иранға қарсы қатынасын жалғастырып, оның жалған уәждерін қайталады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенс Ақ үйдің бұдан былай «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен өздері «Иран қолдайтын жаһандық лаңкестік» деп атаған нәрсеге төзбейтіндіктерін мәлімдеп, қоқан-лоққы жасады. 

Сирия мен Иракта ДАИШ пен басқа да лаңкестерге қолдау көрсетеді деп айыпталып отырған АҚШ Президентінің орынбасары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы тұрақсыздық тудырушы әрекеттерін лаңкестікпен күрес деп атады.

Майк Пенс Трамптың әлемдегі және АҚШ-тағы жағымсыз келбетін түзетуге талпынып: «АҚШ-тағы салық туралы заңдарды өзгерту АҚШ Президентінің елдің іші мен сыртында АҚШ-тың құдіретін қайта жандандырғанын көрсетеді»,-деді. 

«Гарвард Харрис» (Harvard Harris) институтының сауалнама нәтижесі америкалықтардың 58 пайызының Трамптың іс-әрекетін қабылдамай отырғанын көрсеткен жағдайда Майк Пенс өз елінің президентін қолдап отыр.