Кампала қаласында Иран мен Уганданың ортақ медициналық орталығы ашылды
Қаз 26, 2017 22:49 Asia/Almaty
Уганданың астанасы Кампала қаласында Иран мен Уганданың ортақ медициналық орталығы Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф және Уганда Республикасының президенті Йовери Мусевенидің қатысумен ашылды.
Кампаладағы бұл медициналық емдеу орталығының құрылысы алты жыл бұрын басталған болатын. Орталықтың ғимараты ИИР тарапынан салынып, Уганда үкіметіне тапсырылды. Иран мен Уганданың бірлескен медициналық орталығы "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы мен жеке сектордың ирандық дәрігерлері тарапынан қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. 50 ауруханалық төсек-орынға есептелген Кампала қаласында орналасқан орталықтың құрылысына 4 миллион доллар қаржы жұмсалды.
Тегтер