Қаз 26, 2017 23:30 Asia/Almaty
  • Маккейн Иранның АҚШ-ты Таяу Шығыстан шығарып тастайтыны туралы ескерту жасады

АҚШ Сенатының Қарулы күштер жөніндегі комитетінің төрағасы Маккейн елінің үкіметіне: "Иранмен күресу үшін нақты стратегия ұстану керек, әйтпесе Иран АҚШ-ты Таяу Шығыстан шығарып тастайды.

АҚШ Таяу Шығыста орын алып жатқан жағдайларға қатты мән беруі керек, себебі бір күні АҚШ-тың әлемнің осы маңызды аймағындағы ықпалы жойылуы мүмкін",- деп ескерту жасады.

Иранмен ынтымақтастықтың арқасында Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтардың жеңіліс табуымен бір мезгілде Вашингтонның лауазымды тұлғаларының бұл елдің аймақтық саясаттарына қатысты ескертулері артып отыр.

 

Тегтер