Бакуда Каспий жағалауы елдерінің төтенше жағдайлар бойынша ортақ оқу-жаттығулары өтеді
Қаз 29, 2017 09:56 Asia/Almaty
Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі төтенше жағдайлар бойынша ортақ оқу-жаттығулардың қараша айының 1-2 күндері Бакуде өтетінін хабарлады.
Бұл жаттығуларға Каспий жағалауындағы бес мемлекет – Әзірбайжан, ИИР, Ресей, Қазақстан мен Түркіменстан қатысады. Қазір Каспий жағалауы елдерінің ортақ дайындық жаттығулары жүргізіліп жатыр.
Әзірбайжан Республикасындағы Иран елшілігінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі эксперті Сейд Мұхаммед Джавад Араби ИРНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Төтенше жағдайлар бойынша ортақ оқу-жаттығулар дағдарысты басқару мен көмек және құтқару салаларын қамтитын болады",-деді.
Тегтер