Францияның 2 мыңға жуық азаматы ДАИШ үшін соғысып жатыр
(last modified Sun, 29 Oct 2017 11:19:21 GMT )
Қаз 29, 2017 17:19 Asia/Almaty
  • Францияның 2 мыңға жуық азаматы ДАИШ үшін соғысып жатыр

Францияның 1910 азаматы ДАИШ лаңкестік тобы жағында соғысып жатыр.

"Әл-Яум әс-Сабе" ақпарат сайтының Нью-Йорктегі "Суфан тобы" деп аталған лаңкестікпен күрес және қауіпсіздік мәселелерін зерттеу орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Франциямен қоса, еуропалық елдердің мыңдаған азаматы ДАИШ лаңкестерінің қатарында жүр.

"Суфан тобы" орталығының есебі бойынша, Еуропа елдерінің арасында Ресей 1417, Түркия 1500, Германия 915 азаматымен ДАИШ лаңкестік тобы үшін соғысатын адамдарының саны көп елдер болып отыр.

Бұл орталық өзінің есебінде араб елдері арасында Сауд Арабиясының 3244, Иорданияның 3000 адамымен ДАИШ тобына ең көп адам қосқан елдер екенін хабарлады.