Қар 02, 2017 22:20 Asia/Almaty
  • Ресей Хан-Шейхун оқиғасы туралы шындықты анықтауға талпыныс жасауда

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресейдің Сирияның Идлиб облысындағы Хан-Шейхун оқиғасы туралы шындықты анықтауға бар күшін салып жатқанын мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Хан-Шейхун оқиғасының Ресей үшін өте маңызды саналатынын айтып, оқиғаның аспектілеріне байланысты Ресейдің ақиқатты анықтау үшін бар күшін салып жатқанын мәлімдеді. Ақ үй мұның алдында Ресейді Сириядағы химиялық шабуылдарды тергеу үдерісіне соққы беру үшін талпыныс жасап жатыр деп айыптаған болатын.

2017 жылдың сәуірдің төрті күні Хан-Шейхун аймағына жасалған күдікті химиялық шабуыл кезінде 100-ден астам адам қаза болып, 400-ге жуық адам жарақат алды. Күдікті оқиға орын алғаннан кейін АҚШ басқарған лаңкестердің демеушілерінің батыс-арабтық тобы Хан-Шейхун оқиғасын Сирия үкіметіне таңуға көп талпыныс жасады. Алайда Дамаск бұл айыптауды бірнеше рет үзілді-кесілді түрде теріске шығарды.

 

Тегтер