Пәкістанның Сыртқы Істер Министрі елінің Американың талаптарына көңіл аудармайтынын баса айтты
https://itolqyn.com/news/world-i32124
Пәкістан Сыртқы Істер Министрі Исламабадтың Американың талаптарына көнбейтінін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 06, 2017 20:11 Asia/Almaty
  • Пәкістанның Сыртқы Істер Министрі елінің Американың талаптарына көңіл аудармайтынын баса айтты

Пәкістан Сыртқы Істер Министрі Исламабадтың Американың талаптарына көнбейтінін қуаттады.

Мохаммад Асеф Исламабадта «Пәкістан мен Американың келіссөздері» атты отырыста Вашингтонның Азияның оңтүстігі мен Ауғанстанға қатысты жаңа стратегиясын сынап: «Бұл стратегияны Пәкістан қабылдамайды. Себебі, Американың талаптары қисынсыз. Американың Ауғанстан соғысындағы жеңілісінің Пәкістанға қатысы жоқ. Исламабад Ауғанстанда қауіпсіздіктің орнағанын қалайды. Өйткені, Ауғанстанның қауіпсіздігі Пәкістанның да мүддесіне сай» деді. Исламабад пен Вашингтоның қарым-қатынасы Америка президенті Дональд Трамп тамыздың 21 күні Ауғанстан мен Азияның оңтүстігіне қатысты жаңа стратегиясын мәлімдеген соң түйткілге ұшырады.

Америка президентінің жаңа стратегиясында Трамп Пәкістанды лаңкестіктің қолдаушысы деп атап, Исламабад өз жерінде лаңкестердің панажайларын жоймаса, Американың бұл елге қаржы көмектерін тоқтататынын айтып, қоқан-лоққы жасаған болатын.