Зариф Тәжікстан президентімен кездесті
(last modified Wed, 08 Nov 2017 15:40:21 GMT )
Қар 08, 2017 21:40 Asia/Almaty
  • Зариф Тәжікстан президентімен кездесті

Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, сөйлесті.

Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф мұның алдында Тәжікстанның астанасы Душанбеде осы елдің СІМ Сироджиддин Асловпен кездесіп, екіжақты мәселелер мен аймақ өзгерістері туралы пікір алмасты. Иран СІМ бүгін таңертең Тәжікстан басшыларының ресми шақыруымен осы елдің астанасы Душанбеге келді.

Мохаммад Джавад Зариф Тәжікстан басшыларымен кездескен соң Өзбекстанның ең маңызды қалаларының бірі Самарқандқа барады.

Иран СІМ Өзбекстан басшыларымен кездесіп, сұхбаттасумен қатар жұма күні «Орталық Азияның қауіпсіздігі және тұрақты дамуы» атты халықаралық конференцияға да қатысады.