Зариф Тәжікстан Президентімен кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында кездесіп, сұхбаттасты.
Тараптар осы кездесуде бұрын жасалған келісімдердің орындалуы, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, тасымал, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, пікір алмасты. Зариф пен Рахмон жақында Душанбе қаласында өтуі тиіс екі елдің сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясы отырысының маңыздылығын қуаттады.
ИИР Сыртқы істер министрі мен Тәжікстан Президенті, сонымен қатар, терроризм және экстремизммен күресу, аймақтық және халықаралық ұйымдар қалыбында әріптестік жасау жайлы сұхбаттасты.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Өзбекстанда осы елдің басшыларымен кездеседі. Зариф, сондай-ақ, "Орта Азияның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы" атты халықаралық конференцияға қатысады.