Мәскеу CNN телеарнасы таралымының тоқтатылатыны туралы ескертті
Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы Вашингтонға АҚШ-та ресейлік ақпарат құралдарының белсендігіне шектеу қойылуына қатысты ескерту жасады.
Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы: «Егер АҚШ-тың Сенат палатасы бұл елде ресейлік ақпарат құралдарының белсендігіне шектеу қою туралы заң жобасын бекітетін болса, Мәскеу де АҚШ-тың CNN телеарнасының жұмыс істеуіне тыйым салып, оның Ресейде таралуын тоқтатады»,-деп мәлімдеді. Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы Мәскеудің америкалық ақпарат құралдарына қарсы қатаңырақ шаралар қолдануды назарға алып отырғанын айтып: «Қажет болған жағдайда Ресейге қарсы ақпарат құралдарына осы елдің лауазымды тұлғаларынан сұхбат алуға рұқсат берілмейтін болады»,-деді.
АҚШ-тың Әділет министрлігі бірнеше күн бұрын Ресейдің «Russia Today» телеарнасына АҚШ-тағы банктік есеп-шоттарын жабу туралы қоқан-лоққы жасады.