Мәскеу CNN телеарнасы таралымының тоқтатылатыны туралы ескертті
https://itolqyn.com/news/world-i32173-Мәскеу_cnn_телеарнасы_таралымының_тоқтатылатыны_туралы_ескертті
Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы Вашингтонға АҚШ-та ресейлік ақпарат құралдарының белсендігіне шектеу қойылуына қатысты ескерту жасады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 10, 2017 19:15 Asia/Almaty
  • Мәскеу CNN телеарнасы таралымының тоқтатылатыны туралы ескертті

Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы Вашингтонға АҚШ-та ресейлік ақпарат құралдарының белсендігіне шектеу қойылуына қатысты ескерту жасады.

Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы: «Егер АҚШ-тың Сенат палатасы бұл елде ресейлік ақпарат құралдарының белсендігіне шектеу қою туралы заң жобасын бекітетін болса, Мәскеу де АҚШ-тың CNN телеарнасының жұмыс істеуіне тыйым салып, оның Ресейде таралуын тоқтатады»,-деп мәлімдеді. Ресейдің Ұжымдық байланыстарды бақылау басқармасы Мәскеудің америкалық ақпарат құралдарына қарсы қатаңырақ шаралар қолдануды назарға алып отырғанын айтып: «Қажет болған жағдайда Ресейге қарсы ақпарат құралдарына осы елдің лауазымды тұлғаларынан сұхбат алуға рұқсат берілмейтін болады»,-деді.

АҚШ-тың Әділет министрлігі бірнеше күн бұрын Ресейдің «Russia Today» телеарнасына АҚШ-тағы банктік есеп-шоттарын жабу туралы қоқан-лоққы жасады.