Әлемнің жер-жерінде имам Хусейннің (ғ.) қырқына орай Арбағин рәсімдері өткізілді
https://itolqyn.com/news/world-i32176-Әлемнің_жер_жерінде_имам_Хусейннің_(ғ.)_қырқына_орай_Арбағин_рәсімдері_өткізілді
Хазірет Аба Абдулла Хусейннің (ғ.) қырқына арналған Арбағин рәсімдері бейсенбі күні Ұлыбритания, Украина, Беларусь, Словения және Ресей елдерінде өткізілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 10, 2017 20:18 Asia/Almaty
  • Әлемнің жер-жерінде имам Хусейннің (ғ.) қырқына орай Арбағин рәсімдері өткізілді

Хазірет Аба Абдулла Хусейннің (ғ.) қырқына арналған Арбағин рәсімдері бейсенбі күні Ұлыбритания, Украина, Беларусь, Словения және Ресей елдерінде өткізілді.

Хусейннің (ғ.) қырқы – Арбағинді аза тұту рәсімдері бейсенбі күні кешке Лондонда тұратын ирандықтар мен басқа да шиіттердің қатысуымен Ұлыбританияның исламдық орталығында өтті.  Арбағин рәсімдері  Украинада ИИР елшілігінің діни рәсімдерге арналған орталығында өтті. Бұл рәсімге ИИР-ның Украинадағы елшісі Мұхаммад Бехешти Монфаред, Ирактың Украинадағы елшісі мен осы елде тұратын ирандықтар қатысты. Беларусь республикасында тұратын шиіттер мен Аһл-е бейтті сүюшілер де  шәһидтердің әмірінің қырқына орай салтанатты рәсім өткізді. Словения мен Ресейдегі  Арбағин рәсімдері әртүрлі елдердің, соның ішінде  Иран, Ауғанстан мен Тәжікстан мұсылмандарының қатысуымен өтті.

Кеше Иракта Арбағин күні болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде  Ираннан миллиондаған зияратшы Кербалаға барды. Иранның күнтізбесінде бүгін, бейсенбі – Арбағин күні. Иранда Арбағин күнгі аза тұту рәсімдері халықтың жаппай қатысуымен өтті.