Зариф: Иранның ядролық қаруларды таратпау принципі мен қарусыздануға беріктігі дәлелденген
ИИР Сыртқы істер министрі: «Иран ядролық келісімге қол жеткізіп, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізіндегі өзінің барлық міндеттемелерін орындау арқылы ядролық қаруларды таратпау принципі пен қарусыздануға беріктігін дәлелдеді»,-деп қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында "Орта Азияның қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде ИИР-ның діни сенімдер негізінде ядролық қаруларды жасауға, өндіруге және қолдануға қарсы болумен қоса, бұл қаруларды тұрақсыздық пен тынышсыздықтың факторы деп санайтынын айтты.
Зариф Орта Азия аймағын ядролық қарулардан ада аймақ деп жариялауды қауіпсіздікті дұрыс түсінуден туындаған шара деп атап, Иран Президентінің 2013 жылы БҰҰ-да жасаған «Қатігездік пен экстремизмсіз әлем» деген ұсынысын Орта Азия аймағындағы ұжымдық әріптестік үшін қолайлы халықаралық шара деп, сондай-ақ, көршілес елдермен жан-жақты әріптестік жүргізуді ИИР-ның сыртқы саясатының басты бағдары деп атады.