Халықаралық елдер мен ұйымдардың басшылары Иранда болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты
Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини Иран мен Иракта болған зілзала құрбандары отбасыларының қайғыларына ортақтастық білдіріп, осы одақтың зардап шеккендерге жәрдем көрсету амалдарына атсалысуға әзірлігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттгінің хабарлауы бойынша, Еуропа одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могерини дүйсенбі күні Еуропа Одағының Иран мен Ирак елдерінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, көмектесуге әзір екендігін мәлімдеді.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттереш Иран мен Ирак елдерінің жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарына жанашырлық білдіріп, осы ұйымның көмекті қажет ететін адамдарға жәрдемдесуге дайындығын қуаттады.
Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путин, Әзірбайжан республикасының президенті Илһам Әлиев, Канада премьер-министрі Джастин Трудо, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв, Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғани мен осы елдің ұлттық бірлік үкіметінің атқарушы кеңесінің төрағасы Абдолла Абдолла және Пәкістан Сыртқы Істер Министрі Хаджи Мохаммад Асиф жеке жолдауларында Иранда болған жер сілкінісі салдарынан ел азаматтарының қайтыс болуына байланысты Иран президенті мен халқына көңіл айтты.
Сонымен қатар Армения, Эстония, Норвегия, Хорватия, Литва, Германия мен Латвияның Сыртқы Істер Министрліктері Твиттерде Иран мен Ирактың зілзаладан зардап шеккен халқына көңіл айтты.