Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы: Сирияда 390 қазақ баласы жүр
(last modified Tue, 14 Nov 2017 09:22:15 GMT )
Қар 14, 2017 15:22 Asia/Almaty
  • Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы: Сирияда 390 қазақ баласы жүр

Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы осы уақытта Сирияда 390 қазақ баласының жүргенін хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есин Қазақстандағы экстремизммен күрес туралы сөзінде Сирияда 390 қазақ баласының жүргенін айтты. Ол Қазақстан үкіметінің Сирияда жүрген 390 қазақ баласын елге қайтару үшін әрекет жасап жатқанына тоқталып: "Олар елге оралған соң оларға экстремистік ағымдардың құрбандары ретінде қатынас көрсетіледі",- деді.

Қазақстаның Дін істері жөніндегі басқармасы 2017 жылдың басынан салафиттік  идеологияны белсенді түрде насихаттайтын әлеуметтік желілердің 1090 қолданушысын анықтады.

 

 

 

Тегтер