Саад Харири алдағы екі күнде Ливанға оралатынын айтты
https://itolqyn.com/news/world-i32237-Саад_Харири_алдағы_екі_күнде_Ливанға_оралатынын_айтты
Сауд Арабиясына қарсы ливандық және басқа елдердің қысымдарының артуымен Саад Харири алдағы екі күнде Ливанға оралатынын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 15, 2017 14:48 Asia/Almaty
  • Саад Харири алдағы екі күнде Ливанға оралатынын айтты

Сауд Арабиясына қарсы ливандық және басқа елдердің қысымдарының артуымен Саад Харири алдағы екі күнде Ливанға оралатынын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Ливанның «әл-Майадин" арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ливанның Премьер-министрі Твиттердегі  парақшасында алдағы екі күнде Ливанға оралатынын, бірақ жанұясының Сауд Арабиясында қалатынын жазды.

Ливанның «әл-Майадин»  арнасы Франция Президенті Мануэль Макронға жақын дереккөздерінің біріне сілтеме жасап: "Макрон бүгін түстен кейінге дейін Саад Харириге ресми түрде отставкаға кетуге немесе міндетін жалғастыруы үшін Бейрутке оралуға уақыт берді.

Макрон бұл мәселеге қатысты телефон арқылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен де пікір алмасты. Макрон Харириге берілген мұрсат аяқталып, ол Ливанға оралмайтын жағдайда  Елисей сарайының мәселені БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде көтеруді шынайы қарастыратынын мәлімдеді.