Вашингтон Теһран мен Исламабадтың арасына іріткі салуға талпыныс жасауда
https://itolqyn.com/news/world-i32261
ИИР-ның Пәкістандағы елшісі елдердің қарым-қатынастарына қарсы жасалатын кейбір қастықтарға тоқталып, Вашингтонның Теһран мен Исламабадтың арасына іріткі салу үшін талпыныс жасап, жоспар құрып жатқанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қар 16, 2017 21:45 Asia/Almaty
  • Вашингтон Теһран мен Исламабадтың арасына іріткі салуға талпыныс жасауда

ИИР-ның Пәкістандағы елшісі елдердің қарым-қатынастарына қарсы жасалатын кейбір қастықтарға тоқталып, Вашингтонның Теһран мен Исламабадтың арасына іріткі салу үшін талпыныс жасап, жоспар құрып жатқанын айтты.

ИРНА-ның бейсенбі күнгі хабарлауынша, Мехди Хонардуст Пәкістанның  ағылшын тіліндегі Nation газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың Иран мен Пәкістанның жақын қарым-қатынастарына қарсылығы туралы: "Иран мен Пәкістанның ынтымақтастық мүмкіндіктері мен екі ел халықтарының байланыстарды кеңейтуге деген ерік-жігері батыстықтардың, әсіресе, АҚШ-тың арандатушылық көзқарастарына қайшы келеді" деді.

Иранның Исламабадтағы елшісі Пәкістан мен Иранның лаңкестікке қарсы ортақ ынтымақтастықтары туралы: "ДАИШ пен шекаралық аймақтардағы лаңкестер екі елге шынайы қауіп-қатер тудырып отыр. Иран мен Пәкістанның лаңкестікпен күрес саласында келісімге келетін  мүмкіндігі бар" деді.

Хонардуст сонымен қатар Ауғанстанды трансаймақтық арандатушы алпауыттардың лаңкестік топтардың қолдауынан туындап отырған лаңкестіктің құрбаны деп атап: "Ауғанстанның қиыншылықтарын елдің екі маңызды көршісі саналатын Иран мен Пәкістанның ортақ ынтымақтастықтары және осы елдің орталық үкіметін қолдау арқылы шешуге болады" деді.

Иранның Исламабадтағы елшісі АҚШ-тың Ауғанстандағы құзырын тұрақсыздық, соғыс пен қантөгістің факторы деп атады.