Саади Харири Сауд Арабиясынан Францияға аттанды
(last modified Sat, 18 Nov 2017 11:18:11 GMT )
Қар 18, 2017 17:18 Asia/Almaty
  • Саади Харири Сауд Арабиясынан Францияға аттанды

Саад Харири Сауд Арабиясының астанасы Риядта шамамен екі аптадай болғаннан кейін жұма күні кешке сол елден Францияға аттанды.

Саад Харири Сауд Арабиясынан Францияға кетерде Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Менің Сауд Арабиясында тұтқында болғаным туралы хабарлар өтірік",- деп жазды.

Ливанның LBC арнасы: "Харири Парижге кетердің алдында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бин Салманмен кездесіп, сұхбаттасты",- деп хабарлады.

Ливан президенті Мишель Аун бейсенбі күні: "Саад Харири жақын арада Сауд Арабиясынан Францияға аттанады. Саад Хариримен оның үкіметінің тағдыры жайлы сұхбаттасу үшін Хариридің Париж сапарынан кейін оның Бейрутке оралуын күтудемін",- деп айтқан болатын.

Тегтер