Рухани Иран мен Пәкістанның экономика саласындағы белсенділерінің бірлескен отырысында баяндама жасады
https://itolqyn.com/news/world-i3232
ИИР президенті Иран мен Пәкістанның экономикалық байланыстарының аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің және екі халықтың арасындағы бірліктің артуының факторы бола алатынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 26, 2016 22:58 Asia/Almaty
  • Рухани Иран мен Пәкістанның экономика саласындағы белсенділерінің бірлескен отырысында баяндама жасады

ИИР президенті Иран мен Пәкістанның экономикалық байланыстарының аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің және екі халықтың арасындағы бірліктің артуының факторы бола алатынын қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани бүгін сенбі күні Исламабадта осы елдің президентінің қатысуымен өткен Иран мен Пәкістанның экономика саласындағы белсенділерінің ортақ отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран Пәкістанның қауіпсіздігін өз қауіпсіздігі санайды. Сол сияқты осы елдің экономикасын, өсуі мен дамуын да өзінің өсуі мен дамуы деп есептейді. Рухани техникалық және инженерлік салада да Иран Пәкістанның дамуы үшін тиісті инфрақұрылымдарды құруға қол ұшын бере алады. Теһран Пәкістанмен энергия саласындағы ынтымақтастықтар негізіндегі өз міндеттемелерін де орындады.

Иран өзінің Пәкістанмен арадағы сауда- саттығының құнын қазіргі көрсеткіштерден алдағы бірнеше жылдың ішінде 5 млрд долларға арттыруға дайын. Осы іс екі елдің мердігерлері мен сауда- саттық, экономикалық белсенділері және жекеменшік саласының ынтымақтастығы арқылы жүзеге асады» деді.