Ресей АҚШ-қа Украинаға қару-жарақ жіберуіне қатысты ескерту жасады
Ресей Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Владимир Шаманов Вашингтонға америкалық қару-жарақты Украинаға жіберетін болса, бұл елдің жағдайының шиеленісе түсетінін ескертті.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Украинаға 47 миллион доллар көлемінде қару-жарақпен көмектесу туралы ұсынысының жалғасында Украинаның Сыртқы істер министрі Павел Климкин: "Украина болашақта АҚШ-тың қару-жарақ көмектерін арттыруға мүдделі",- деп айтқан болатын.
ИРНА-ның жексенбі күнгі кешке хабарлауы бойынша, Владимир Шаманов Климкиннің АҚШ-тан өз елі үшін қажет көмек деген қару-жарақтарды басқыншылық қарулар деп атап: "Қару-жарақ жөнелтілуінің Украинаның жағдайына теріс әсер ететіндігі айдан анық",- деп баса айтты.
Шаманов Вашингтонның Ресейге қарсы жоспарларының бір бөлігінің Украина арқылы жүзеге асатындығына тоқталып: "Украинаға қару-жарақ жіберу Вашингтонның Мәскеуге қарсы ең жауапсыз әрекеті болады",- деді.