Ресей АҚШ-қа Украинаға қару-жарақ жіберуіне қатысты ескерту жасады
(last modified Mon, 20 Nov 2017 10:23:21 GMT )
Қар 20, 2017 16:23 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-қа Украинаға қару-жарақ жіберуіне қатысты ескерту жасады

Ресей Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Владимир Шаманов Вашингтонға америкалық қару-жарақты Украинаға жіберетін болса, бұл елдің жағдайының шиеленісе түсетінін ескертті.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Украинаға 47 миллион доллар көлемінде қару-жарақпен көмектесу туралы ұсынысының жалғасында Украинаның Сыртқы істер министрі Павел Климкин: "Украина болашақта АҚШ-тың қару-жарақ көмектерін арттыруға мүдделі",- деп айтқан болатын.

ИРНА-ның жексенбі күнгі кешке  хабарлауы бойынша, Владимир Шаманов Климкиннің АҚШ-тан өз елі үшін қажет көмек деген қару-жарақтарды басқыншылық қарулар деп атап: "Қару-жарақ жөнелтілуінің Украинаның жағдайына теріс әсер ететіндігі айдан анық",- деп баса айтты.

Шаманов Вашингтонның Ресейге қарсы жоспарларының бір бөлігінің Украина арқылы жүзеге асатындығына тоқталып: "Украинаға қару-жарақ жіберу Вашингтонның Мәскеуге қарсы ең жауапсыз әрекеті болады",- деді.